🫂 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай «Жақсылық жолымен жүрейік» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – оқушылар арасында мейірімділік, жанашырлық және өзара көмек сияқты ізгі қасиеттерді насихаттау.
🤗 Акция аясында 9 «А» сыныбы қайырымдылық жасауды әрдайым қолдайтынын көрсетті. Оқушылар жақсылық жасау – үлкен жүректің белгісі екенін түсініп, игі іске белсене атсалысты. Сынып жетекшісі Манат Сабитовнаның тәрбиесі арқылы шәкірттер мейірімділік пен көмектесудің маңызын терең түсініп, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуда.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың жүрегіне мейірім ұялатып, жақсылыққа бастайтыны сөзсіз. Жақсылық жасайық, бірге әлемді мейірімді етейік! 🤍
#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы
#Амалмерекесі
#Көрісу
KZ
