Skip to content

Мектеп туралы

1957 жылы республика көлемінде ауыл балаларына арналған мектеп-интернат болып ашылған.

Бұдан соң Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеулер институтының эксперименттік базасы ретінде 1988 жылдың тамызына дейін жұмыс істеді.

1988-1989 оқу жылынан бастап, Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат ретінде жұмысын жалғастырды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қазанда қабылдаған №1754 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» қаулысына сай қайта құрылып,  2003 жылғы 1 тамыздағы №774 қаулысының негізінде  «Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» болып аты өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырындағы №480 қаулысымен Абай есімі беріліп, «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болды.

2020 жылдан гуманитарлық бағыттағы Абай мектептері желісінің ресурстық орталығы ретінде қызмет етіп келеді.