СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!
2026 жылдың 1–2 наурыз күндері Астана қаласында өткен «Ана тілі» зияткерлік олимпиадасына мектебіміздің «Таухид» тобы қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
🥇 «Үздік пікірсайысшылар тобы» – «Таухид» тобы
🥇 «Үздік сөз шебері (оратор)» – Нұрқасым Ақниет
🥉 ІІІ дәрежелі диплом (жалпы топтық есеп бойынша) – «Таухид» тобы
Топ құрамы:
1. Көптілеу Гүлшат
2. Нұрқасым Ақниет
3. Дүйсен Сымбат
Топ жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Малик Майра Маликқызы.
Оқушыларды Астана қаласына апарып, байқауға қолдау көрсеткен – Төлепова Әйгерім Өміржанқызы.
Жеңіс – кездейсоқтық емес, жүйелі еңбектің жемісі. Сөз құдіретін таныған жас зияткерлеріміздің бұл табысы – білім мен парасаттың, табандылық пен бірліктің айқын көрінісі.
Тілі мықты елдің – тірегі берік. Ана тілінің абыройын асқақтатқан шәкірттерімізге және пән мұғаліміне биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!
KZ


