Skip to content

🎨 Көркем еңбек + инновация! Спорт және эстетика пәндер бірлестігінің…

🎨 Көркем еңбек + инновация!
Спорт және эстетика пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында қалалық семинар өтті.
Мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық ізденістерін қолдау және көркем еңбек сабағында заманауи технологияларды тиімді қолдану. ✨

Семинарда педагогтер:
🖥️ Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану
🛠️ Жобалық оқыту мен STEM элементтерін интеграциялау
🧵 Ұлттық қолөнерді заманауи әдістермен ұштастыру
тетіктерімен бөлісті.

Шеберлік сағаттары мен көрме жұмыстары ұсынылып, қатысушылар тәжірибе алмасып, практикалық ұсыныстар алды.
Нұрпейсова Гүлмира өзінің авторлық жұмысын Абай ұлттық мектеп мұражайына ұсынды 🖌️

Семинар шығармашылық ынтымақтастық пен кәсіби дамуға жаңа серпін берді! 🌟

#КөркемЕңбек #Инновация #STEM #Шығармашылық #ҰлттықҚолөнер