Бүгін Абай Ұлттық мектебінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады.
Жиын барысында Абай Ұлттық мектебінің тарих пәні мұғалімі Мурабулдаева Жаңылды Оразахуновна жаңа Конституция жобасының мазмұны, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң мен тәртіпті сақтау, сондай-ақ қазіргі қоғам ұстанатын негізгі құндылықтар жөнінде жан-жақты түсіндірме жасады.
Мектеп басшысы Мұқашев Қайрат Манатбекұлы жаңа Конституция жобасында жас буын арасында экологиялық ағарту мен табиғатты аялау қағидаттарының алғаш рет нақты көрініс тауып одан бөлек адам өмірі мен құқықтары басты құндылық ретінде айқындалғанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар еліміздің қазіргі қоғамдық дамуындағы конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталды. 🇰🇿✨
@oqu_agartu_ministrligi @suleymenova_zhuldyz @maira.turganbaevna @kairat_edu
@orta_bilim_beru_komiteti
KZ
