📌 7-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мамандандырылған білім беру ұйымына 7-сыныпқа құжаттарды қабылдау онлайн форматта, www.qabyldau.daryn.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы квота саны: 125
Келесі категориялар бойынша арнайы квоталар қарастырылған:
▪️ “Мың бала” ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін — қабылданатын білім алушылардың 10%;
▪️ Қазақстан Республикасы Үлгілік қағидаларына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы білім алушылар үшін — қабылданатын білім алушылардың 15%;
▪️ Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының білім алушылары үшін — қабылданатын жалпы оқушылар санының 5% мөлшерінде квота қарастырылған.
✍🏻 Тапсыратын пәндер бойынша ақпарат қосымша хабарланады!
Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз 🙌🏻❤️
KZ

