Skip to content

12–16 қаңтар аралығында Абай ұлттық мектебінің педагогтері “Өркен” балалардың әл-ауқатын…

12–16 қаңтар аралығында Абай ұлттық мектебінің педагогтері “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен өткен “Жасөспірімдер арасындағы мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбындағы 40 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Курсты Білім беру департаментінің аға оқытушысы Нұрғалиева Дина Жарылқасынқызы жүргізді.

Курс барысында педагогтер оқушылардың мінез-құлқын анықтау, девиантты мінез-құлықтың алдын алу, тәуекел тобындағы жасөспірімдермен тиімді жұмыс жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдерімен танысты.

Мектеп педагогтерінің кәсіби дамуына қолдау көрсеткен мектеп әкімшілігіне үлкен алғыс білдіреміз!