Skip to content

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдер…

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдер тәрбиесін күшейтуде
Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыс барлық өңірлерде жүйелі түрде жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында бірыңғай тәрбие тәсілдері енгізіліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған жобалар кеңейтілуде.Осы жұмыстар аясында Қызылорда облысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, күштік орган өкілдері, мектеп пен колледж директорлары, ұстаздар қатысты. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәуекелдерді ерте кезеңде анықтау жайы қаралды.Министрлік профилактиканы мектептегі тәрбие жұмысы, қауіпсіздік дағдылары және ерте қолдау тетіктері арқылы жүйелі түрде күшейтуде.
«Бүгінде мектептерде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен білім ордаларында “Заң және тәртіп” деректі фильмі көрсетіліп, тәрбие сағаттары ұйымдастырылады. Жыл сайын қаңтар айында «Адал азамат» бағдарламасының аясында «Заң және тәртіп» республикалық айлығы өткізіледі, оның барысында оқушыларда құқықтық жүйе туралы түсінік қалыптасып, білімдерін күнделікті өмірде қолдану дағдылары дамиды», – деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова @suleymenova_zhuldyz
@oqu_agartu_ministrligi
@maira.turganbaevna
@orta_bilim_beru_komiteti
@kairat_edu