🏫Мектебіміздің шәкірттері — Нұрмат Балнұр Асылжанқызы мен Ендіхан Қарақат Асқарқызы ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсырып, 7.0 балл жинады.
Бұл көрсеткіш оқушыларымыздың тілдік құзыреттілігінің жоғары екенін және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға толық дайын екендігін айқындайды.
Нұрмат Балнұрды және Ендіхан Қарақатты осынау айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз! Шәкірттерімізге алдағы мемлекеттік қорытынды емтихандарда және болашақ кәсіби жолдарында сәттілік тілейміз. 🎓✨
#abai_ulttyq_mektebi
#abainewera
@oqu_agartu_ministrligi
KZ


