Skip to content

IELTS-ке жол – енді бұрынғыдан да жеңіл🤩🥳 Мектебіміз Алматыдағы IDP…

IELTS-ке жол – енді бұрынғыдан да жеңіл🤩🥳

Мектебіміз Алматыдағы IDP IELTS Kazakhstan @idp.ielts.kazakhstan ресми тест орталығымен меморандумға қол қойғанын қуана хабарлаймыз! Бұл серіктестіктің негізгі мақсаты – мектеп оқушылары үшін IELTS халықаралық емтиханына қолжетімділікті кеңейту, сапалы ақпарат беру және кәсіби дайындық мүмкіндіктерін арттыру.

🔹 Оқушыларымызға қандай мүмкіндіктер береді?

✅IELTS-тің барлық ресми форматтарына басымдықпен тіркелу
✅Жылына бір рет мектеп оқушылары үшін мектепте немесе орталықта тегін TRIAL TEST тапсыру мүмкіндігі
✅IELTS Academic тестіне 5000 теңге жеңілдік ұсынатын промокод
✅10-11 сынып оқушыларына IELTS IDP орталығында тағылымдама (стажировка) өту мүмкіндігі

🔹 Ағылшын тілі мұғалімдері үшін

📚 IDP IELTS сарапшыларынан:
– тұрақты онлайн вебинарлар
– “How to teach IELTS” шеберлік сабақтары
– сертификатпен берілетін Teacher Training курстарына қолжетімділік👩🏻‍🏫

🤝 Бұл меморандум – Абай ұлттық мектебінің халықаралық стандарттарға сай білім беруге, оқушылардың академиялық және кәсіби болашағын кеңейтуге бағытталған нақты қадамы.

#abai_ulttyq_mektebi
#abainewera