17 наурыз — Шаңырақ күнінің қарсаңында бүгін 9 «Ә» сыныбында сынып тәрбиешісі Иманкулова Қуаныштың жетекшілігімен «Бір шаңырақ астында» атты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді. 🏡✨
Шара барысында оқушылар бір шаңырақ астында өмір сүрудің маңызын, өзара сыйластық пен түсіністікті, ұйымшылдық пен бірліктің қадірін терең түсінді. 🤝💫 Сонымен қатар интернаттағы өмірдің ерекшеліктері сөз болып, тазалық, жауапкершілік, тәртіп сақтау секілді құндылықтар кеңінен насихатталды. 📚
Оқушылар түрлі пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып, бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын атап өтті. 💬👏 Тәрбие сағаты жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. 🌟
Осындай тәрбиелік мәні жоғары шаралар оқушылардың тұлғалық дамуына, достық қарым-қатынасты нығайтуға және ортақ мақсатқа ұмтылуға үлкен ықпал етеді. ❤️📈
KZ
