Шешендік өнердің жанданып жаңғыруы жолындағы тағы бір байқау табысты өтті 🎤✨
Қызылордадағы Абай мектебіне еліміздің әр өңіріндегі 10 желілік Абай мектебінен келген 20 оқушы ақыл-білім, ой-таным, талант-тапқырлық тұрғысынан сыннан өтіп, шеберліктерін шыңдап қайтты 🌟📚
Әдебиет пен тіл саласының майталман мамандары әр қатысушының сөзін, ойын, сөйлеу мәдениетін жеке-жеке бағалап, кәсіби пікірлерін жеткізді 🧠📝
Қазылар мен қатысушылар бір-біріне таныстырылмай, тақырып пен жұп жеребе арқылы таңдалды 🎯
Бағалау да толықтай тәуелсіз, әділ және дәлелді болды.
Хакім Абайдың: «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» қағидасы басты ұстанымға айналды 🖋️
Сайыс қана емес, үлкен тәжірибе мектебіне айналған бұл байқауға қатысушылар ғана емес, жетекшілер де мол білім жинап қайтты 🎓✨
Жоба авторы: Абай ұлттық мектебінің мұғалімі Жарқын Сален.
🏆 Байқау жеңімпаздары:
🥇 Бас жүлде (100 000₸) — Ләззат Бағдатқызы (Абай ұлттық мектебі)
🥈 І орын (70 000₸) — Акерке Ерболқызы (Абай ұлттық мектебі)
ІІ орын (50 000₸) иегерлері:
🌿 Айшолпан Қанатқызы (Жамбыл облысы)
🌿 Айтжан Сүйіндікұлы (Ұлытау облысы)
ІІІ орын (30 000₸) иегерлері:
🌼 Мұхтар Шырын (Алматы облысы)
🌼 Назерке Ерболқызы (Жамбыл облысы)
🌼 Інжу Аянқызы (Ұлытау облысы)
✨ 5 оқушы арнайы жүлде (20 000₸) иегері атанды.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз! 🎉
Ізденіс пен даму жолында тек биік белестер тілейміз! 🚀📖
Байқауды жоғары деңгейде ұйымдастырған:
🏫 Қызылорда қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп @abai_mektebi_kzo
🏛️ “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы @rspc_daryn
🏫 Абай ұлттық мектебі @abai_ulttyq_mektebi
🗣️ “Ділмар” клубы @dilmar_kluby
KZ







