Skip to content

🔬 12 сәуір – Ғылым күніне орай тағылымды кездесу өтті…

🔬 12 сәуір – Ғылым күніне орай тағылымды кездесу өтті

Абай ұлттық мектебінде Ғылым күніне байланысты ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдармен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар қонақтармен еркін пікір алмасып, ғылым жолындағы тәжірибелерімен танысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құнды жауаптар алды.

Осындай мазмұнды кездесулер білім мен ғылымға ұмтылған жастарға үлкен мотивация береді. 🚀✨