Skip to content

🇰🇿 2026 жылдың 22–24 сәуір аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын»…

🇰🇿 2026 жылдың 22–24 сәуір аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Абай ұлттық мектебі» РММ ұйымдастыруымен Республикалық VIII Абайтану олимпиадасы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпаққа Абай мұрасын терең таныту, оқушылардың ойлау, талдау қабілетін дамыту және ақынның «толық адам» ілімін насихаттау.

Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 132 оқушы қатысып, білім мен зердені сарапқа салуда. Қатысушылар эссе жазу, теориялық сұрақтарға жауап беру және шығармаларды талдау кезеңдері бойынша бақ сынайды. 

Абай жолын жалғаған жас дарындарға сәттілік тілейміз! 📚✨