📢 Ата-аналар мен үміткерлер назарына!
Абай ұлттық мектебінің қабылдау конкурсына қатысты маңызды ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.
📅 Конкурс мерзімі:
15 мамыр мен 15 маусым аралығында, әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері өткізіледі.
🏢 Ұйымдастырушы:
Қабылдау конкурсын өткізу үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы арнайы конкурстық комиссия құрады.
🌐 Маңызды ақпарат пен нақты кесте:
Тестілеудің нақты өткізу уақыты мен кестесі qabyldau.daryn.kz порталында және мамандандырылған білім беру ұйымдарының ресми сайттарында конкурс басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын жарияланады.
📝 Тест материалдары:
Сұрақ кітапшалары мен жауап парақтарын «Дарын» орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлеп, бекітеді.
📊 Бағалау жүйесі:
Әр дұрыс жауап — +4 балл
Әр қате жауап — -1 балл
Жалпы нәтиже осы жүйе бойынша есептеледі.
💻 Нәтижелерді шығару:
Жауап парақтары сканерленіп, «Дарын» орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы өңделеді.
✨ Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!
@oqu_agartu_ministrligi
@orta_bilim_beru_komiteti
@ministr_suleymenova_zhuldyz
@maira.turganbaevna
@kairat_edu
KZ



