🇰🇿🇹🇷Түркияда Қазақстан Президентінің бастамасымен салынған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды.
🔘Рәсімге Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған қатысты. Мектеп 2023 жылғы жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясының Нұрдағы қаласында орналасқан.
🔘Білім беру саласындағы ынтымақтастық жалғасатын болады. Қазақстан мен Түркия Қазақстанда «Маариф» Түрік қорының екі мектебін ашу туралы меморандумға қол қойды. Құжат тәжірибе алмасуды дамытуға және екі ел арасындағы білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған.
_____________________
KZ
