Skip to content

Абай Ұлттық мектебі жаңа Конституция жобасының басым бағыттарын талқылады ҚР…

Абай Ұлттық мектебі жаңа Конституция жобасының басым бағыттарын талқылады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев Абай Ұлттық мектебінің ұжымымен онлайн жиын өткізіп, жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыттарына жан-жақты тоқталды.

Жомарт Қарамбаев өз баяндамасында Конституциялық реформаның мәні мен маңызын, адами капиталды дамытуға бағытталған қағидаттарды, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға арналған өзгерістерді, сондай-ақ білім беру саласына тікелей әсер ететін нормаларды кеңінен түсіндірді.

Талқылауға қатысқан Абай Ұлттық мектебінің қызметкерлері ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты пікірлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салды.