Бүгін, 30 наурыз күні, мектебімізде өткен №4 Педагогикалық кеңес аясында білікті ұстаздарымызды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Ұлттық білім беру жүйесін дамытуға қосып келе жатқан елеулі үлесі мен жас ұрпаққа сапалы білім берудегі кәсіби шеберлігі үшін бір топ педагогіміз жоғары марапаттарға ие болды.
🎖️ «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері
Білім саласындағы жоғары жетістіктері мен қажырлы еңбегі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин» белгісімен марапатталғандар:
* Қозыбақова Күлзипа Қуанышбековна
* Қалманбетова Салтанат Ақбергеновна
📚 Әдістемелік инновация және авторлық ізденіс
Мектебіміздің педагогикалық әлеуетін республикалық деңгейде паш етіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңес тарапынан авторлық бағдарламалары бекітілген ұстаздарымыз:
1. Чабденова Сауле Дидаровна
2. Нурмолданова Айжан Ербаевна
3. Тілеуберді Қизат
4. Орынбаева Динара Габитовна
5. Сален Жарқын
6. Мұстафа Ақмарал Махмұтқызы
✨Құрметті әріптестер! Мәртебелі марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен кәсіби ұстанымдарыңыз — бүкіл ұжым мен шәкірттер үшін нағыз үлгі. Шығармашылық жолдарыңыз табысты, бағындырар белестеріңіз биік болсын! Мектебіміздің мерейін асырар осындай қуанышты сәттер көп болғай! 🎉
@oqu_agartu_ministrligi
@ministr_suleymenova_zhuldyz
@orta_bilim_beru_komiteti
@maira.turganbaevna
@kairat_edu
KZ



