Skip to content

🎨✨ Бүгін мектебімізде 7–8 сынып оқушыларына арналған «Өз комиксіңді жаса»…

🎨✨ Бүгін мектебімізде 7–8 сынып оқушыларына арналған «Өз комиксіңді жаса» атты шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтті.

Іс-шара барысында оқушылар өз қиялындағы кейіпкерлерін бейнелеп, қызықты оқиғалар желісін құрастырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.

Шараның мазмұнды әрі тартымды өтуіне ұйытқы болып, оқушыларға бағыт-бағдар берген кітапханашымыз Жексембаева Гульзира Нұрсағатқызына шынайы алғысымызды білдіреміз.

📚 Жас суретшілер мен болашақ авторлардың тың идеялары көпшілікті тәнті етті. Осындай танымдық әрі креативті шаралар оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыра түседі. ✨