Skip to content

📚«Ғылымға жол» жобасы іске қосылды. Мектебіміздің директоры Мұқашев Қайрат Манатбекұлы…

📚«Ғылымға жол» жобасы іске қосылды.
Мектебіміздің директоры Мұқашев Қайрат Манатбекұлы мен Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана басшысы Сайдембаева Алия Шуратқызы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл құжат оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған «Ғылымға жол бүгіннен басталады» жобасын іске асыруды көздейді.
Жоба аясында:
1.Оқушылар Алматыдағы жетекші ЖОО-лармен бірлесіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады;
2.Арнайы зертханалар базасында тәжірибелік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады;
3.Жас зерттеушілерге ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіледі.
Бұл серіктестік — мектеп шәкірттерінің үлкен ғылымға жасаған алғашқы сенімді қадамы болмақ!

#abai_ulttyq_mektebi
#abainewera