Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясына қатысты.
Іс-шарада білім беруді цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, цифрлық дағдыларды дамыту және білімнің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Қазақстандық делегация пленарлық және панельдік сессияларға қатысып, халықаралық тәжірибемен танысты.
Конференция қорытындысында Жұлдыз Сүлейменова білім беру саласында жасанды интеллектіні жауапты әрі инклюзивті қолдануға бағытталған Ханчжоу бастамасын қабылдау рәсіміне қатысты. Сапар Қазақстанның білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы жаңа мүмкіндіктерді зерделеуге жол ашты.
KZ





