Skip to content

📚 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай ұлттық мектебінде 22-24 сәуір…

📚 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай ұлттық мектебінде 22-24 сәуір күндері VІІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтті.

✨ Дәстүрлі түрде өтетін бұл олимпиада «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында Абай мұрасы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

👥 Олимпиадаға 14 облыс, 3 республикалық маңызы бар қала және 3 РББҰ-ның 9-11 сынып оқушылары қатысып, барлығы 112 оқушы бақ сынады.

🏆 Нәтижесінде 10 қатысушы І орынға, 16 қатысушы ІІ орынға, 23 қатысушы ІІІ орынға ие болып, 12 қатысушы арнайы грамоталармен марапатталды.

🌟 Бұл олимпиада – ұлттық руханиятты дәріптеп, жас буынның ой-өрісін кеңейтетін маңызды алаң.