Skip to content

Құрметті аяулы аналар, ардақты ұстаздар, сүйікті арулар! Сіздерді көктемнің шуақты…

Құрметті аяулы аналар, ардақты ұстаздар, сүйікті арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – нәзіктік пен мейірімнің, даналық пен сұлулықтың, ізгілік пен шабыттың символы. Әйел – өмірдің сәні, отбасының тірегі, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі. Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен ақ жүректеріңіз арқылы өскелең ұрпақтың бойына білімге құштарлық, адамгершілік пен отаншылдық қасиеттер дариды.

Бүгінде Абай ұлттық мектебі қабырғасында еңбек етіп жүрген аяулы ұстаздар мен білім алып жүрген қыздарымыз – болашақтың жарқын келбетін қалыптастыратын жандар. Сіздердің еңбектеріңіз бен талпыныстарыңыз – ел болашағына қосылған үлкен үлес.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
Әр шаңырақта шаттық пен береке орнап, жүректеріңіз әрдайым қуанышқа толы болсын!

Көктем көңіл, шуақ сыйласын! 🌷