Құрметті қазақстандықтар!
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!
Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және елдік рухымыздың айқын белгісі. Әрбір қазақстандық үшін қастерлі рәміздеріміз Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің символы болып табылады.
Еліміздің мәртебесін асқақтатып, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы жарқын болсын!
Ізгі тілекпен,
Абай ұлттық мектебінің ұжымы 🇰🇿
KZ

