Құрметті қазақстандықтар!
Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлейік. Балалар көшеде, аулада, ойын алаңдарында және демалыс орындарында көп уақыт өткізетіндіктен, олардың өмірі мен денсаулығы ересектердің жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Ата-аналардан балаларға жол жүру, су айдындары маңындағы және тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп отыру сұралады. Балаларды қараусыз қалдырмай, олардың қайда жүргенін бақылауда ұстаған жөн.
Жүргізушілерді тұрғын үйлердің маңында, аулаларда және балалар алаңдарының жанында аса мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және жолда барынша қырағылық танытуға шақырамыз.
Балалардың өмірі мен денсаулығы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Жазғы демалыстың қауіпсіз өтуіне бірге атсалысайық!
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
KZ

