Құрметті оқушылар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Балалар – еліміздің жарқын болашағы, халқымыздың ең қымбат қазынасы. Әрбір баланың бақытты балалық шақ кешуі, сапалы білім мен саналы тәрбие алуы – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осы мерекелі күні барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттыққа толы балалық шақ, жарқын күлкі, білімге құштарлық және биік армандар тілейміз. Әр отбасының шаңырағында қуаныш пен береке орнап, балаларымыздың жетістіктері ата-аналары мен ұстаздарының мерейін үстем ете берсін!
Балалардың әр күні мейірімге, қамқорлыққа және бақытқа толы болсын!
Ізгі тілекпен,
Абай ұлттық мектебінің ұжымы 🌷
KZ

