Skip to content

Мектебімізде Model of United Nations (MUN) форматындағы зияткерлік ойын өтті.…

Мектебімізде Model of United Nations (MUN) форматындағы зияткерлік ойын өтті.
Бұл ойын барысында әр оқушы белгілі бір елдің атынан сөз сөйлеп, сол мемлекеттің саяси ұстанымы, мүддесі мен көзқарасын қорғады. Қатысушылар жаһандық мәселелерге тек жеке пікірмен емес, өзіне берілген елдің позициясы арқылы баға беруді үйренді.

Beta High School мен НИШ оқушылары халықаралық алаңда пікірталас жүргізіп, келіссөздер жасап, ортақ шешімге келуге тырысты. Әр делегация елінің экономикалық, әлеуметтік және саяси ерекшеліктерін ескере отырып, нақты ұсыныстарын ұсынды.

Іс-шара Гарвард түлегі Шадияр Лес мырзаның көмегімен өтіп, Абай ұлттық мектебінен Қазыбай Мадина кураторлық етті. Model of United Nations — бұл әлемді түсінуге, жауапкершілікпен ойлауға және болашақ көшбасшылыққа бастайтын маңызды тәжірибе.