ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВ: ҒЫЛЫМИ БАҒЫТ-БАҒДАР
📚Абай ұлттық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен олимпиадалық резервтегі оқушылары филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлымен кездесті. Пәндік олимпиадаға дайындық жасау бойынша бағыт-бағдар көрсетіп, тапсырмалар реті мен талабын түсіндіріп өтті.
Кәсіби бағыт-бағдар беріп, филология ғылымының зерттеу нысандары, негізгі бағыттары мен қазіргі даму үрдістері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды, сондай-ақ бұл салада білім алудың мүмкіндіктері мен болашақ мамандықтар жайында құнды кеңестер айтты.
✨Арнайы уақыт бөліп, құнды кеңестерін бөліскені үшін Бижомарт Сейсенбекұлына алғыс айтамыз!
@suleymenova_zhuldyz
@oqu_agartu_ministrligi
@maira.turganbaevna
@orta_bilim_beru_komiteti
@kairat_edu
KZ


