Республикалық «Farabi shakirti» журналы 2026 жылғы жас тілшілерін марапаттады👏🏻👏🏻👏🏻
📌Республикалық «Farabi shakirti» журналы мен сайтының бас редакторы, журналист, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Кучукова Жанастан Тұрсынқызы арнайы келіп, 11-сынып оқушылары Ахмет Болат, Шайдарбекова Айғаным, Ахметжан Балнұр мен Маратова Сабинаға «Жас тілші» куәлігін табыстады
📌Оқушыларға жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Төлеужанова Жансая мен Мерзоянова Меруертке Алғыс хатқа ие болды.
📌Мектебіміздің директоры Қайрат Манатбекұлы дарынды шәкірттер мен білікті ұстаздарды қолдап, шығармашылыққа жол ашып жүрген республикалық «Farabi shakirti» журналына ризашылығын білдіріп, Алғыс хатын ұсынды.
Жас тілшілерімізге шығармашылық табыстар тілейміз!
KZ


