Skip to content

Тәрбиешілер онкүндігінің аясында 8 “А” сынып тәрбиешісі Күлшат Абитхановна мен…

Тәрбиешілер онкүндігінің аясында 8 “А” сынып тәрбиешісі Күлшат Абитхановна мен ағылшын тілі мұғалімі Іңкәр Төремұратқызы сынып оқушыларымен “Spring Fest: Наурыздан Easter-ге дейін” атты ашық тәрбие сағатын өткізді. 🌸✨

Тәрбие сағаты барысында оқушылар халқымыздың Наурыз мейрамы мен христиан дініндегі Пасха мерекесін салыстырып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын талқылады. 🥚🌿 Сонымен қатар, өз ұлтының құндылықтарымен қатар, өзге ұлттардың да мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеудің маңыздылығын түсінді. 🤝🌍

Шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, мәдениеттерге деген құрмет пен толеранттылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті. 💫📚