Skip to content

🌸 Ұлттық құндылық пен тәрбиенің тоғысқан мерекесі – Наурыз! Мектебімізде…

🌸 Ұлттық құндылық пен тәрбиенің тоғысқан мерекесі – Наурыз!

Мектебімізде әз-Наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық ойындар ойнап, өнерлерін көрсетіп, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеді.

Мерекенің басты мақсаты – жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында елжанды, еңбекқор, білімді әрі жауапты тұлға тәрбиелеу.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне мектеп ұжымы, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар белсене атсалысты. Осындай мазмұнды мерекенің ұйымдастырылуына жетекшілік еткен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Құрманғазықызына @ai_zhaan алғысымызды білдіреміз.

🌿 Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!