🏆 Үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жарияланды!
2025–2026 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысы негізінде еліміздің ең үздік 100 олимпиадалық мектебінің рейтингі анықталды.
Биылғы олимпиадаға республика бойынша:
📌 Мектепішілік кезеңде – 358 146 оқушы
📌 Аудандық кезеңде – 135 670 оқушы
📌 Облыстық кезеңде – 18 127 оқушы
📌 Республикалық кезеңде – 1 636 оқушы қатысты.
Нәтижесінде оқушыларымыз жоғары білім деңгейін көрсетіп, республикалық додада жүлделі орындарға ие болды:
🥇 149 алтын медаль
🥈 222 күміс медаль
🥉 367 қола медаль
👏 Біздің мектеп республикалық олимпиадаға қатысқан мектептердің ұлттық рейтингінде 49-орынға тұрақтады. Бұл – ұстаздардың қажырлы еңбегі мен оқушылардың табандылығының жемісі.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен жетекшілерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім мен ғылым жолындағы жаңа жетістіктеріңіз көп болсын!
#РеспубликалықОлимпиада #Үздік100Мектеп #абайұлттықмектебі
KZ

