Жаңа дәуірдегі білім мен руханият тоғысы: «AbaiLAB» платформасының тұсаукесері өтті 📚✨
Елімізде ұлттық құндылықтар мен заманауи технологияларды ұштастырған тың жоба – «AbaiLAB» жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі білім беру платформасының ресми тұсаукесер рәсімі өтті 🎉
Жобаның басты мақсаты – Абай Құнанбайұлы мұрасын оқыту үдерісін жаңа деңгейге көтеру, оны тереңдету, кеңейту, кіріктіру және дамыту 🚀
«AbaiLAB» платформасының авторы әрі жетекшісі – шебер-педагог, PhD докторы, аға оқытушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Малик Майра Маликқызы 👩🏫
«AbaiLAB» – Абай Құнанбайұлы шығармашылығы мен ұлттық құндылықтарды жасанды интеллект көмегімен интерактивті форматта ұсынатын цифрлық білім беру платформасы 💻🤖
Платформаның негізгі міндеті – оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және тіл үйренушілерге қосымша қолдау көрсету 🌱📖
Бұл жоба – ұлттық мұраны цифрлық дәуірмен сабақтастырып, білім беру саласына жаңа серпін беретін маңызды бастама 🇰🇿✨
KZ
