🌟 «Жұлдыздар шеруі – 2026» 🌟
Мектебімізде білім мен өнерді ұлықтаған ерекше салтанатты кеш өтті. Жыл бойы республикалық және халықаралық байқауларда, олимпиадалар мен ғылыми жобаларда топ жарып, мектебіміздің мерейін асқақтатқан дарынды оқушыларымыз «Мектеп мақтанышы» төсбелгісімен және арнайы куәлікпен марапатталды. ✨
📌 Биылғы «Жұлдыздар шеруінде»:
🏅 19 оқушы — республикалық және халықаралық деңгейдегі білім, ғылым, дебат, STEM, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктері үшін марапатталды.
Жас дарындарымыздың әр жеңісі — мектебіміздің мақтанышы, ел болашағына жасалған нық қадам! 💫
Дарынды шәкірттерімізге биік белестер, толағай табыстар және жарқын болашақ тілейміз! 👏🏻🇰🇿
KZ
